Жылдам, жоғары, күшті!

Жылдам, жоғары, күшті!

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері «Көңілді старт» атты спартакиадасына қатысты. Іс-шара Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Жарысқа қатысушылары өздерінің спорттық шеберлігін «Жастар» сарайында сынады. Волейбол, арқан тарту, гір тасын көтеру, эстафеталар бойынша  өткен жарыстарға қатысты.    Спартакиадаға Тәуелсіздік сарайы, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы,  М. Горький атындағы Орыс драма театры, «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешендерінің өкілдері қатысты.  Жарыс алаңында мұрағат командасы би билеп, өздерін таныстырды. Спартакиадаға барлығы белсене қатысты, бәсекелістікке толы болды. Бірінші орынды «Жастар» театрының ұжымы жеңіп алды. Спартакиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *