«Өткеніңді ұмытпа»: шешен және ингуш халықтарының Қазақстанға жер аударылуының 73 жылдығына орай

«Өткеніңді ұмытпа»: шешен және ингуш халықтарының Қазақстанға жер аударылуының 73 жылдығына орай

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық орталығының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Ол шешен және ингуш халықтарының Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылуының 73 жылдығына орайластырылған. Кездесу барысында Қазақстандағы шешен және ингуш халқының тағдыры туралы «Өткеніңді ұмытпа» көрмесі ашылды.

Оған алғаш рет Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының, Қарағанды облыстық Мемлекеттік мұрағаттары қорларының бірегей құжаттары, Солтүстік Кавказ тұрғындарын Қазақ және Қырғыз ССР -не  тұрақты тұруылары үшін жер аудару туралы ішкі істер халық комиссары Л.Берияның хабарламасы, баянжазбалар, анықтамалар, мәлімдемелер, 1947-1950 жылдары Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында тұрған шешен және ингуш жанұяларының саны, ақшалай көмек бөлінгені, жұмысқа орналастыру және шешен жұмысшыларының еңбектегі жетістіктері туралы, шешен-ингуштардың жанұялық мұрағаттарынан фото құжаттар және т.б. ақпараттар қойылды. Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік мұрағаттардың мәдени- ағартушылық қызметі арқылы  патриоттық, рухани тәрбие беру,  мемлекеттік мекемелермен ұлттық мәдени орталықтармен, ғалымдармен, республикамыздың білім беру мекемелерінің оқушыларымен әрекеттестікті,  Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Кездесу барысында шешен-ингуш мәдени орталығының басшысы С. Героев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушысы А. Мұсағалиева және Қарағанды облыстық Мемлекеттік мұрағатының директоры Ж. Тұрсыновалар баяндама жасады. Сондай-ақ, Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылған халықтар туралы деректі фильмдерден бейнебаяндар көрсетіледі.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *