Семинар: «Құжаттау, құжаттарды дайындау және рәсімдеу тәртібі»

    27 қаңтарда Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында «Құжаттау, құжаттарды дайындау және рәсімдеу тәртібі» тақырыбына семинар өтеді. Ұйымдастырушылар — ведомстволық мұрағаттардың қызметін үйлестіру және іс жүргізу бөлімі.

   Семинарға астананың 15 мемлекеттік мекемесі қатысады. Олардың ішінде —  Астана қ. білім саласындағы бақылау департаменті, Астана қ. дін істері жөніндегі басқармасы, «Дәулет» спорт комбинаты, Астана қ. энергетика жәе байланыс колледжі, Астана әкімдігінің «Наз» Мемлекеттік би театры және т.б. Бұл мекемелер толымдаудың көздері болып табылады.

  Семинарға қатысушыларға құжаттарды дайындау, рәсімдеу және сақтау ережелері туралы ведомстволық мұрағаттардың қызметін үйлестіру және іс жүргізу бөлімінің басшысы Кенже Шоқаева ақпарат береді. Оның айтуынша, құжаттарды іріктеудің қажетті нормалары мен ережелерін ұстану — мұрағат материалдарының сақталу дәрежесі мен сапасына тікелей байланысты  мәселе.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *