«АСТАНА – БАС ҚАЛАМ» БАЙҚАУЫ

«АСТАНА – БАС ҚАЛАМ» БАЙҚАУЫ

   Астананың Мемлекеттік мұрағаты еліміздің бас қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – бас қалам» байқауы өтетінін хабарлайды. Оған 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Тврочестволық жарыста бес номинация болады: «Астана туралы үздік әңгіме», «Тұлғалар бейнесі», «Қаланың байырғы тұрғындарымен сұхбат»,  «Астананың нышанды ғимараттарына саяхат», «Жеке мұрағаттан».

БАЙҚАУ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:

    «АСТАНА ТУРАЛЫ ҮЗДІК ӘҢГІМЕ». Автордың немесе оның жанұясының жеке өміріндегі астананың ролі, оның қалаға бауыр басуы, Астанаға қоныс аударуына байланысты өзгерістер жайлы әңгімелеу. Материалды творчестволық бейнелеу және стилистикалық сауаттылық бағаланады. Көлемі – 2 беттен артық емес.

    «ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ». Астананың айтулы архитектуралық құрылыстарының бірі бейнеленген (байқауға қатысушының таңдауы бойынша)  фотосуреттер қабылданады. Автор сапасы жақсы бір сурет ұсына алады. Жеке қағазда фотоқұжаттағы суретте көрсетілген адамның аты, тегі, әкесінің аты, мамандығы немесе қоғамдағы орны жайлы мәлімет болуы қажет.

 «ҚАЛАНЫҢ БАЙЫРҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН СҰХБАТ». Байырғы тұрғынмен бейнесұхбат; электронды форматтағы тұрғынмен жеке әңгіме түріндегі сұхбат; электронды «сұрақ-жауап» форматындағы сұхбат  материалдары қабылданады.

   «АСТАНАҒА САЯХАТ». Астананың көрікті орындарын сипаттайтын фоторепортаж (бір нышан). Суреттерде бейнеленген орындардың қысқаша сипаттаулары сондай-ақ, олар туралы қызықты мәлімет болуы керек.

    «ЖЕКЕ МҰРАҒАТТАН». Қаланың құрметті азаматтары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тың игерушілер, жер аударылғандар, әр түрлі саланың өркендеуіне үлес қосып, өз  еңбегін сіңіргендер туралы. Фотоқұжаттың жеке беттегі түсініктемесі (суретте көрсетілген оқиғаның атауы, уақыты мен болған жері, адамның қоғамдағы орны) болуы қажет.

Жұмыстар электронды түрде astana.gorarhiv@mail.ru. адресіне қабылданады. Байқау қортындысы шілде айында шығарылады. Байқау комиссиясы әр номинацияда үш жеңімпазды анықтайтын болады. Үздік жұмыстар арнайы ұйымдастырылған көрмеден орын алады. Осында салтанатты түрде жеңімпаздар марапатталады.

     Байқау мақсаты – жас буынның Астана тарихы мен қалыптасуына деген қызығушылығын туғызу, патриоттық сезімдерін ояту; оқушылардың Астана тарихына қатысты мұрағат құжаттарын табуы; жастардың творчестволық ойлау қабілеттерін жетілдіру; тарихи мәні бар құнды құжаттармен Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорын толықтыру.

       Байқау Ережесінің мәтіні Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының www.nursultan.gosarhiv.kz адресіндегі интернет-сайтында жарияланған. Сілтеме – erezhe

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *