«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы дәріс

«Тәуелсіз Қазақстан»  тақырыбындағы дәріс

         Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Бақыт Балтабаева Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап дәріс өткізді. Оның тыңдаушылары Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылындағы №5 мектебінің 4 және 9 сынып оқушылары және АЛЖИР мұражайының қызметкерлері болды.

       Тыңдаушылар назарына Қазақстанның егемендік  алғаннан кейінгі атқарылған игі істер жөніндегі  ақпарат ұсынылды. Олардың қатарында —  демократиялық президенттік сайлаулар, БЖЗҚ құру, Ұлттық мұражайдың ашылуы, «Батыс Қазақстан – Құмкөл» мұнай құбырының іске қосылуы, қазақтардың Дүние жүзілік құрылтайы, ОБСЕ саммитін өткізу және ОБСЕ төрағалық етуі, инфрақұрылымның дамуы, Олимпиадалардағы отандық спортшылардың жеңістері, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығының тойлануы, ЭКСПО- 2017 өткізудің бәсекесі, Қазақстанның ДСҰ кіруі бар. Дәріс барысында Қазақстан туралы документальді фильмдер көрсетілді.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *