Астана Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері аттестацияны ойдағыдай тапсырды

Астана Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері аттестацияны ойдағыдай тапсырды

21-22 желтоқсанда Астана Мемлекеттік мұрағатында кәсіби деңгейді анықтау, біліктілік даярлықты, іскерлік қабілет пен біліктілік категориясын көтеруді мақсат еткен аттестация өтті. Аттестациялық сынақ екі кезеңнен: тестілеу және әңгімелесуден тұрды. Сұрақтар мұрағат құжаттарын есепке алу мен сақтау, мұрағат қызметін реттейтін заңдар жиынтығы сондай-ақ, Еңбек Кодексінен болды. Комиссия құрамына Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Астананың мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының  өкілдері енді. Аттестациядан өткен 23 қызметкердің бәрі де берілген тапсырманы орындады және жоғары біліктілік көрсетті. Аттестациядан мұрағат саласында 20 жылдан артық жұмыс атқарған қызметкерлер мен жүкті әйелдер босатылады.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *