Астана қаласы Мемлекеттік мұрағаты «Астана - мейірімді қала» акциясын қолдады

                                                                                                                    img-20161209-wa0014   img-20161209-wa0027

                                                                                                                                                                         20161207_144642   20161207_151941

           Акция барысында Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері  халықтың әлеуметтік аз қамтылған  санаты өкілдеріне азық-түлік корзиналарын тапсырды. Олардың арасында – мүмкіндіктері шектеулі жандар, ауған соғысының жауынгерлері, көп балалы аналар бар. Мұрағат қызметкерлері қала ортасында тұратын тұрғындарға және  қаланың әр түпкіріндегі тұрғын үй алабтарына барды (Көктал-1, Көктал-2, Еткомбинаты ауданы).

      «Біздің ұйымның қызметкерлері акцияны  үлкен ықыласпен қолдады. Мұқтаждарға көмектесу – азаматтық сана мен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды көрсеткіші», — деді Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының директоры  Балқия Баймағанбетова. Еске сала кетсек, жақында астананың әкімі Әсет Исекешев еліміздің бас қаласында 1 мен 31 желтоқсан аралығында  «Астана — мейірімді қала» акциясын өткізуді жариялаған болатын. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған акцияға әкімдік және ведомствоға қарасты мекемелер қызметкерлері алғашқылардың бірі болып атсалысты. Оның мақсаты  — жеңілдік берілген санаттағы азаматтарға — жалғызбасты зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, мүмкіндіктері шектеулі жандар, онко және тағы басқа ауыр аурулардың түрімен ауыратын балаларға ілтипат пен қолдау білдіру. Қолдау азық түлік, қатты отын, дәріханалардан арзандатылған дәрілер алуға сертификаттар алып беру түрлерінде көрсетіледі.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *