13 желтоқсан күні Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында еліміздің егемендік мәртебесінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз жылдардағы 25 игі іс» атты көрме ашылды.

13 желтоқсан күні Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында еліміздің егемендік мәртебесінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз жылдардағы 25 игі іс» атты көрме ашылды.

Экспозиция қоғамда және экономикада маңызды өзгерістер жасайтын, халықтың әл-ауқатын көтеретін 25 мемлекеттік салалық бағдарламалар жөніндегі ақпараттарды қамтиды. Өткен жылдар тәжірибесі көрсеткендей, 25 жылда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері маңызды бағдарламалардың іске асуының нәтижесі болып табылады.

                         dsc07480 dsc07488

 

Көрмеге басым бөлігі саяси құжаттарды құрайтын 200-ге жуық материал қойылған. Олардың ішінде — 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Н.Назарбаевтың қызметіне кірісуіне арналған ҚР Жоғарғы Кеңесінің салтанатты мәжілісінің стенограммасы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР конституциялық заңы; 1991 жылғы 21 желтоқсандағы ТМД құру туралы Алматы декларациясы; ББҰ бас хатшысы Хавьер Пересаде Куэльярға Қазақстанды ББҰ мүшелігіне қабылдау туралы ҚР Президентінің өтініші; «Ұлттық валюта – теңгені енгізу туралы» Қазақстан Президентінің қазақстандықтарға жолдаған үндеуі; 1996 жылғы 16 мамырдағы ҚР дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің тізімі; 1997 жылғы 20 қазандағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Президенттің Жарлығы; «Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы» Жарлық; «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушы оралмандар жөніндегі материалдар; Астана қаласы Балалар құқығын қорғау департаментінің құжаттары; «Астана – жаңа қала» Арнайы экономикалық аймағы бас дирекциясының құжаттары ж.б. бар.

Сондай-ақ, көрмеге келушілерге фотосуреттер (Семей сынақ алаңындағы алғашқы ядролық жарылыс, Қазақстанға келген алғашқы оралмандар т.с), мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуының цифрлары мен фактілерін көрсететін инфографика үлгілері ұсынылған.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *