Тұңғыш Президент күніне дәріс оқылды және кітап көрмесі ұйымдастырылды

Тұңғыш Президент күніне дәріс оқылды және кітап көрмесі ұйымдастырылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында  Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері үшін тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи ролі туралы дәріс оқылды. Ұжымның назарына Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл да жемісті жобасы, Елбасының төл туындысы Астана туралы документальді фильм ұсынылды.

Бас қаланың ерекше сәулеті мен ауқымы таң қалдырған көркем ғимараттары, кең көшелері және бульварлары, алып көпірлері мен салқын самал ескен гүлзарлары. Бұның бәрі – бас сәулетшісі Қазақстан Президенті болып табылатын Астананың келбеті. Шара барысында көреген саясаткер, дарынды елші, тиімді экономикалық реформалардың авторы және саяси жігері мол мемлекет қайраткері  ретінде танылған Н.Назарбаев туралы баяндалды. Сондай-ақ, мұрағат қызметкерлері Тұңғыш Президент күніне орай Президенттің еңбектері мен ол туралы монографиялардан тұратын көптеген авторлардың туындыларынан шағын кітап көрмесін әзірледі.

         dsc_1087   dsc_1078   dsc_1075

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *