Көшбасшы жолы

library5

Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының директоры Балқия Баймағанбетова Тұңғыш Президент – Елбасы Кітапханасы ұйымдастырған бірқатар шаралардың ашылуына қатысты

         Көрмелер сериясы мен кино көрсетілімдердің ашылуына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Тұңғыш Президент – Елбасы Кітапханасы директорының м.а., ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Махмуд Қасымбеков, жастар ұйымдары мен мемлекеттік мекемелер, жұртшылық өкілдері қатысты.Шара Тұңғыш Президент Күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

«Көшбасшы жолы», «Тәуелсіз Қазақстан – тұрақты мемлекет», «Н.Ә.Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы», «Егемен елдің Тәуелсіздік жылнамасы», «Ұлт көшбасшысына ескерткіш қолтаңба», «Әлем таныған Елбасы» көрмелері ұсынылды. Ал, «Көшбасшы жолы» Н.Назарбаевтың жеке мұрағатынан алынған құжаттар көрмесі. Бірегей құжаттар Тәуелсіз Қазақстанның даму жолдарын, ұлттың нығайуындағы Елбасының ролін баяндайды.

Көрмеге ҚР Президентінің  жеке кітапханасы қорынан алынған Елбасының еңбек жолы, оның саяси дарыны туралы басылымдар, Мемлекет басшысына әлем көшбасшылары сыйлаған кітаптар, әр түрлі мемлекет басшыларының Н.Назарбаевқа марапаттары қойылған.

Тұңғыш Президент – Елбасы Кітапханасындағы шаралар аясында «Көшбасшылық факторы», «Парламентаризмнің өрістеуі», «Бітімгершілікті нығайтудың жол картасы» фильмдерінің көрсетілімдері өтпек. Сондай-ақ, әдеби және музыка кештерінің шеберлік кластары болады.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *