Астана қаласы Мемлекеттік мекемесінде оның құрылған күнінің кезекті мерекесіне арналған салтанатты шара өтті

dsc_0985 dsc_1026

Сәрсенбі, 23 қараша күні Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында оның құрылғанына 21 жыл толуына арналған салтанатты кеш өтті. Мұрағат 1995 жылы Ақмола қаласы әкімінің шешімімен құрылған болатын. Оны құрудағы мақсат қаланың мекемелері мен ұйымдарының құжаттарын есепке алу, пайдалану мен сақталуын қамтамасыз ету еді.

Мерекелік жиналыс барысында ұжымды мекеменің директоры Балқия Баймағанбетова құттықтады. Ол жұмыс атқарғандарына көп уақыт бола қоймаса да астананың мұрағат қызметінің дамуына өз үлестерін қосып жатқан  қызметкерлерге құттықтау хаттарын табыс етті.

Жиналғандарға Астаналық цирктің әртістері сиқыршы және эквилибрист Жұмат Жанмырзаев пен Ильяс Рахманқұлов  өз өнерлерін көрсетті. Цирктің қызықты көрсетілімдері ешкімді бейжай  қалдырмады. Сондай-ақ, мұрағат ұжымының алдында Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының әншісі, сырнайшы Рахат Бегасылов ән салды.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *