Астана қаласы Мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесінде «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша дөңгелек стол өтті

Астана қаласы Мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесінде «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша дөңгелек стол өтті

Ағымдағы жылдың 24 қарашасында «Астана қаласы Мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» департаменті өкілдерімен және Астана қаласы филиалдары (Есіл, Сарыарқа, Алматы аудандары) «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша дөңгелек стол өтті.

Іс-шара барысында азаматтар арыздарының дұрыс толтырылуын тексеру, сұранымды орындауға қажетті құжаттардың   бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтер, әртүрлі жағдайлардың шешімі т.с. статистика келтірілді және атқарылған жұмыстар сарапталды. Көрсетілетін қызметтің алдағы уақытта жақсаруы үшін екі тарап өз тілектерін білдірді. Дөңгелек столға қатысушылар мұрағат қызметкерлеріне кездесу ұйымдастырғандары үшін алғыс және нәтижелі ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *