Астана Мемлекеттік мұрағатында құжаттардысақтау саласы инновациялық технологияларының алғашқы таныстырылуы өтті

dsc_0901  dsc_0919

23 қараша – Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының құрылған күні. Бұл күні оқу залында «Құжаттарды сақтау саласының инновациялық технологиялары» тақырыбына ЖШС «Recom Shelves Mobili» қазақстандық компаниясының өкілдігімен   бірлесе ұйымдастырылған семинар өткізілді.

«Recom Kazakhstan» Финляндияның бірегей заманауи және функционалды сөрелерімен жабдықтаушы болып табылады. Компания өкілдері мұрағат құжаттарын сақтайтын жабдықтар шығару саласындағы жаңалықтар жайын сөз етті. Әсіресе, «Recom Kazakhstan» атқарушы директоры Индира Ізбасарова мұрағат қоймасының қызметкері бірнеше түймені басқанда құжаттарды сақтау мен іздеудің автоматтандырылған жүйесінің «ақылды» машинасы адамға қажетті материалдарды  2-10 секундта  тауып беретін туралы айтып берді.

Оның сөзінше, инновациялар ғасырында мұрағат құжаттарын сақтау тәсілдері де түбегейлі өзгерген. Батыс мұрағатшыларының өміріне сөрелердің  бірнеше түрлері енген: мобильді, жылжымалы, көпдеңгейлі және автоматтандырылған. Олардың артықшылығы –   қауіпсіздігі, ұтқырлығы, қолжетімділігі, кеңістікті үнемдеуі, материалдары жарық пен шаңнан қорғауы. Сонымен, мобильді сөрелер құжаттарды күн сәулесінің түсуінен сенімді қорғайды, яғни «күйіп кету» қатері бірден төмендейді.

«Recom» компаниясы Қазақстан нарығында 12 жыл жұмыс істеп келеді және Алматы Орталық мемлекеттік мұрағаты, Тұңғыш Президент музейі, ҚР Ұлттық кітапханасы, «KEGOC» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК, сондай-ақ, Қазақстанның бастаушы банктері және әртүрлі бюджеттік ұйымдармен қызмет істеген.

Семинар қатысушылардың – Астананың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары қызметкерлерінің  қызығушылығын тудырды.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *