«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының өкілдері дөңгелек стол өткізді.

a3lke3n9yw8 sxxaokjrs-4

2016 жылдың 10 қарашасында «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесінің Оқу залында әлеуметтік салада жұмыстар жүргізу аясында  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының өкілдері ақпараттандырудың электронды әдістері мәселелерін түсіндіру бойынша дөңгелек стол өткізді. Шараны  аталған филиалдың салымшылармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Омаров Еркебұлан Серікұлы мен Тілек Алшынұлы жүргізді.

Дөңгелек стол барысында мұрағат қызметкерлеріне зейнетақы аударылымдарының міндетті, кәсіби және ерікті түрлері жөнінде әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, салымшылардың сайт арқылы интернет – үзінді көшірмелерін алу және қарау, электронды-цифрлі және мобильді қосымшаларды қолдану арқылы қол қою  мүмкіндіктері қарастырылды.

Айтылғандармен қатар, мәліметтерді мобильді қосымшалар арқылы пайдалану және оларды ресми сайтта, жеке кабинетте рәсімдеу тәртіптері көрсетілді.

Мұрағат қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *