Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының нормаларын түсіндіру сабақтары өтті.

ehej6wuxdgu vbq_zq1dds8

2016 жылдың 2 қарашасында «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында» Мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының нормаларын  түсіндіру сабақтары өтті. Оны Астана қаласының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Департаментінің бас маманы А.Р. Рахматуллин жүргізді.

Өткізілген сабақ барысында мұрағат қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кедергі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жатқан мониторингтер мен талдаулар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға жұртшылықтың қатысуы секілді түсініктерді сөз етті. Әріптестік принципіне негізделетін сыбайлас жемқорлық саясатының субъектілеріне бағытталған бұл іс-шара жалпыхалықтық сипатта болуы тиісті. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жалпы келеңсіздіктен қамсыз ету, мемлекеттік аппаратта, басқа да салаларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау – мемлекеттің негізгі саясаты.

Айтылғандармен қатар, өзекті мәселелер қаралып, қызмет берушілер мен қызмет алушылардың «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң нормаларын дұрыс қолдану жағдайларының мысалдары талданды.

Мұрағат қызметкерлері тақырып бойынша сұрақтар беріп, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *