Алматыда «Архивтердің «Ашық Үкімет» шеңберіндегі міндеттері» республикалық семинар-кеңес өткізілді.

hqpuyahdfaa pkvmks6o4fy

Ағымдағы жылдың 27 – 28 қазаны күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты базасында «Ашық Үкімет тұрғысындағы Қазақстан архивтерінің міндеттері» республикалық семинар-кеңесі өткізді.

Семинар-кеңес жұмысына облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларының, республикалық, облыстық және қалалық мемлекеттік мұрағаттар басшылары, «Зерде» Ұлттық холдингінің сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлары құрамының өкілдері қатысты.

Аталған шараға Астана қаласы Мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары З.Т.Бексеитова қатысты.

Семинар жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының архив ісі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, «Электрондық құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету» қызметінің бағдарламасын енгізу, архив саласының кадрлық қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Саланы дамытуға басты назар аударылды.

Сонымен қатар, республиканың орталық мемлекеттік архивтері қызметінің заманауи әдістері мен мұрағат құжаттарының кейбір категорияларымен (жеке қорлар, аудиовизуалды құжаттар, ғылыми-техникалық құжаттар) және мамандардың жеке қорлармен жұмыс жасау жөніндегі шеберлік сабағы өткізілді.

Семинар-кеңеске қатысушылардың талдау нәтижелері бойынша саланы дамыту барысындағы нормативті қамсыздаудың заңнамалық және ұйымдастыру-әдістемелік қажеттіктері, басты мәселелердің шешімі айтылды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *