Сырға толы Солтүстік: құнды құжаттар құпиясы

20 қазанда Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында алғаш рет Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының қорындағы бірегей құжаттар мен фотоматериалдардың көрмесі ашылды. Экспозиция Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және СҚО 80 жылдығына  арналған және Астанадағы Солтүстік Қазақстан облысы мәдениетінің күндері аясында өтпек.

Көрме экспозициясы жеті бөлімнен тұрады. Оларда Абылай ханның қызметі  туралы, революцияға дейінгі Петропавловск жайындағы материалдар, Солтүстік Қазақстан облысының құрылуы туралы, аймақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі өмірі және тың игеруге арналған құжаттар қойылған. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарындағы облыстың дамуына жеке бөлім арналған. Сондай-ақ, көрмеге мұрағат басылымдары – құжаттар мен материалдар жинағы, атлас картасы және автобиографиялық анықтамалықтар қойылған.

«Сырға толы Солтүстік: құнды құжаттар құпиясы» көрмесі өзінің атауына сай. Мұнда тарихи құндылыққа бай сирек кездесетін материалдар бар. Әсіресе Абылай ханның қытай императорына сыйға жылқы және сатуға аздаған мал жібергені туралы хаты;  II Екатерина патшайымның Абылай сұлтанды Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы патенті; Абылай ханның иелігіндегі аймақта бүлікшілер кездескен жағдайда «оларды немесе Пугачевтің өзін тұтқындап, оларды лайықты жазалау үшін Орынборға жөнелту» жөніндегі Орынбор канцеляриясының өтініші; Жоғарғы көркем әдебиет институтының студенті Мағжан Жұмабаевтың куәлігі, М. Жұмабаевтың портреті, 1778 жылы 24 мамырдағы II Екатеринаның сұлтандар мен старшиндерге араб әріпінде жазған мақтау қағазының мәтіні; Кеңес Одағының батырлары Ж. Қизатова пен С. Гуденконың жеке істері.

Солтүстік Қазақстан республикамыздың солтүстік қақпасы деп әділ айтылады.

Облыстың бай тарихы, өзіндік мәдениеті, дәстүрі мен әдет-ғұрпы бар.

Көрмеге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *