Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында қызметкерлер үшін «Жемқорлықпен күрес» тақырыбында лекция өтті.

dsc_0592 dsc_0596

Лекция барысында жемқорлық ұғымы айқындалып онымен неғұрлым тиімді күрес түрлері сөз болды. Баяндамашының сөзінше, жемқорлық кез келген мемлекеттің экономикасын зор деңгейде шығынға ұшырататынын көпшілігіміз біле бермейміз.  Парақорлық зардабы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ең кең тарағандары – мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың өркендеуіне алғышарттардың жасалуы, қылмыстық құрылымдар ұстанымдарының күшеюі. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің дамуын әлсірету және қаскөйлік жасау.

Жиналғандардың назарына осы тақырыпқа бірнеше бейне роликтер көрсетілді. Бейнематериалдың бір кейіпкері өзінің кәнігі парақорлығын  анаша шегушінің зиянды есірткіге деген құмарлығына теңейді. Оның сөзіне қарағанда бұл қылмысты істер өзінше бір тәуелділік, құмарлық болып табылады.

«Жемқорлық әлемнің барлық елдеріне таныс жағымсыз әрекет. Сондай-ақ, жемқорлық көріністері минимумға теңелген мемлекеттің ғана экономикасы шынайы өркендеуге қол жеткізеді. Жемқорлық дегенді осы қылмыстың бір түрі болып табылатын пара алу  деп түсіну қате болар еді. Қазіргі жемқорлық – бұл заңды айналып өтіп, «өз адамдары арқылы» материалды және заңды артықшылықтарды жеке басының мәселесін шешуге пайдалану», — деді баяндамашы – ұйымдастыру-әдістемелік және кадр жұмысы бөлім басшысының м.а. заңгер и.о. Гүлім Солтанова.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *