Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында алғашқы кәсіподақ ұйымы құрылды

dsc_0576 dsc_0574

27 қыркүйек, сейсенбі күні Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының ұжымында жиналыс өтіп, онда алғашқы кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылданды.

Мұрағат директоры Б.С. Баймағанбетова және Астана қаласы мәдениет, спорт және ақпарат саласының кәсіподақ қызметкерлері төрағасының орынбасары Г.М. Тайтүковалар төрағалық еткен жиналысқа ұжымнан 50 шақты адам қатысты. Күн тәртібіне екі мәселе қойылды: өзінің «алғашқысын» құру, сондай-ақ кәсіподақ төрағасы мен кеңесін сайлау.

Кездесу барысында Г. Тайтүкова кәсіродаққа кірудің тиімділігі жөнінде ақпарат берді. Өз кезегінде директор Б. Баймағанбетова өз кәсіподақ комитетін құру мен ұйымдастырудың өзектілігін атап өтті.

Дауыс берудің нәтижесінде ұжым бірауыздан кәсіподақ құрамын сайлады. Кәсіподақ төрағасы ретінде директордың орынбасары-бас мұрағат сақтаушы Э. А. Нұрмағамбетова, қазынашы есеп-шаруашылық бөлімі басшысының м.а. А.Д. Мукубай, алғаш құрылған ұйымның хатшысы болып М.Р.  Крамова сайланды.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *