Наурыз мейрамы тойланды

Ағымдағы жылдың наурыз айының 18 жұлдызында Астана қаласының Мемлкекеттік мұрағатының ұжымы Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасымен бірігіп шығыс халықтарының жаңа жыл мерекесін тойлады.
Мереке қалалық мұрағаттың Есіл және Алматы аудандары бойынша бөлімшесінің Пригородный кентінде орналасқан ғимаратында өтті.
Астана қаласының аумағында пайда болатын құжаттар негізінде тарихи және мәдени маңызы бар мұрағат көздерінің сақталуына және оларды ғылым мен әлеуметтік мақсатта пайдалану саласында еңбек ететін мұрағатшылар бұл күні ұлттық мұраларымызды еске алып, мереке көркін қыздырды. Арнайы қойылған киіз үй фрагменттері мен көздің жауын алатын ұлттық тұтыну бұйымдары мейрамға ерекше көңіл-күй сыйлағандай болды. Наурыз мейрамының міндетті түрде орындалатын дәстүрі ретінде ғимарат алдына тал егіліп, ауласы тазартылды.
Жаңа келген қой жылына шашу шашылып, бата берілді. Наурыз көжеден дәм татылды. Ұлттық нақышта киінген қыз-жігіттер наурыз тойының сәнін келтірді. Сонымен қатар, дәстүрлі қыз бен жігіт айтысын өткізді.
Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері тарапынан «Қара жорға» биі биленіп, күй тартылды, ән айтылды. Ұлттық ойындар да қалыс қалмады. «Арқан тарту», «Сақина салу» секілді ойындармен қатар асық және теңге алу ойындары өте қызықты өтті.

[gmedia id=6]

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *