«Мәңгі ел» идеясы төңірегіндегі қазақ мемлекеттігі»

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орайластырылған «Мәңгі ел» идеясы төңірегіндегі қазақ мемлекеттігі» атты дөңгелек үстел өткізілді

2015 жылдың 27 ақпанында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының қабырғасында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына байланысты «Мәңгі ел» идеясы төңірегіндегі қазақ мемлекеттігі» атты дөңгелек үстел өтті.

Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу алғышарттары маңыздылығы бойынша Қазақстан тарихының ең өзекті кезеңдерінің бірі болып саналады.

1465 жылы Керей мен Жәнібек хандар Қазақ хандығының негізін қалады. XV ғасырдағы бұл тарихи оқиға кейінгі жүзжылдықтарда қазақ халқының бірігіп, нығаюына, ұлттың қоныстану аумағының тұтастығына, санғасырлық мәдениетінің гүлденуіне жол ашты. Дөңгелек үстел барысында тәуелсіз Қазақстан мен қазақ мемлекеттілігінің орнауы мен дамуы, және біртұтас еркін ұлт идеясы мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, аталмыш шараға Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әйгілі қазақ хандарының атқарған жұмыстары жайлы жақын шетелдердің мұрағаттарынан табылған бірегей құжаттар қойылды.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары Мемлекеттік тарих институтының және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, т.ғ.д., профессорлар А.И. Оразбаева, А.С. Мұсағалиева, т.ғ.к., доцент А.Н. Қашқынбев және басқа да белгілі тұлғалар болды.

 

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *