«Қазақстан елордасы – халықтар достығы мен ұлттық дәстүр, мәдениет, тілдердің даму орталығы»

«Қазақстан елордасы – халықтар достығы мен ұлттық дәстүр, мәдениет, тілдердің даму орталығы»

«Қазақстан елордасы – халықтар достығы мен ұлттық дәстүр, мәдениет, тілдердің даму орталығы» тақырыбындағы фотоқұжаттар көрмесі

2015 жылдың 26 маусымында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының көрме залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан елордасы – халықтар достығы мен ұлттық дәстүр, мәдениет, тілдердің даму орталығы»  атты ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерімен кездесу және фотоқұжаттар көрмесі өтті.

Бұл шараға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Нестерова Надежда Викторовна, Саяпова Зухра Алеутдиновна, Астан қ. Әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Құсайынова Ләззәт Сейтқазықызы, Астана қ. мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының меңгерушісі Шоқаева Алма Әбдінасыровналар қатысты.

 Шараға «Лад» республикалық славян қозғалысының жетекшісі  Шепелюк Николай Викторович, «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің өкілі Ирина Рубан, «Polacy» қоғамдық бірлестігінен Богоевская Елена Александровна, «Оберег» украин қоғамынан Воловик Ирина Ивановна, «Беларусь» қоғамының «Славяне» дуэті Юнусова Ю.Ф. және Васильков А.Б., «Злата» болгар этномәдени орталығының жетекшісі Андриевская Ольга Олеговна және басқалар қатысты.

Дөңгелек стол басында Нестерова Надежда Дмитриевна мен Саяпова Зухра Алеутдиновналар  депутаттық топтың жұмыстары жөнінде қызықты әрі мазмұнды баяндады. Олар отырғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен және астананың туған күнімен құттықтады. Құсайынова Ләззәт Сейтқазықызы  мен Шоқаева Алма Әбдінасыровна да құттықтаулар жолдады. Қоғамдық бірлестік өкілдері қатысушыларды өз ұйымдарының қызметімен таныстырды. Әдемі ұлттық костюмдер киген белорустың «Славяне» дуэті мен «Злата» болгар этномәдени орталығының жетекшісі Андриевская Ольга Олеговналар өздерінің музыкалық сәлемдерін жолдады.

Қонақтардың назарына көрме залына қойылған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарын көрсететін құжаттар, суреттер, халықаралық делегаттардың астанаға сыйлаған кәдесыйлары, халық қолөнерінің жәдігерлері, қоғамдық бірлестіктердің қызметі жөніндегі материалдар, Астана қ. Мемлекеттік мұрағатының қорында сақталған кәріс, шешен-ингуш, украин, поляк неміс және болгар халықтарының дәстүрі мен тұрмысынан хабар беретін материалдар ұсынылды.

 
[gmedia id=8]

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *