Астана және Омбы мәдени қарым-қатынастарын нығайтуда

SVK_9459 SVK_9584

SVK_9399 SVK_9402

Ресейдің Омбы қаласында «Астана – Еуразия жүрегі» атты көрме ашылды. Оның экспозициясын Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты ТМД-ңың 25 жылдығына орайластырып ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанатында Омбыдағы Қазақстанның консулы Эльдар Қонаев, Омбы облысының мәдениет вице-министрі Людмила Чекалина және Астана қаласы мұрағатының директоры Балқия Баймағанбетова сөйледі. Көрмені тамашалауға келген қазақ диаспорасының қарасы қалың болды.

Бұл мемлекетаралық мәдени жобаға 1832 жылғы Акмолинск  қаласынан бастау алатын 100 ден астам құжат қойылды. Құжаттар ғана емес, сол кездегі қала өмірінен хабар беретін мекемелердің суреттері де бар.

Көрменің ендігі бөлімі тың игеруге байланысты болды. Тың игерушілердің алғашқы легі мен олар жайындағы тарихи материалдар орналасқан. Ақмола қаласын Целиноград деп өзгерту жайындағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы да осы бөлімде.

Еліміздің астанасын Алматыдан Астанаға көшіру мен орналастырудан мағлұмат беретін құжаттар да көрмеден өзіндік орын алған. Тәуелсіз мемлекеттің алғашқы төл теңгесі, қаланың бас жоспары, қала көшелерінің сол кездегі көріністері көрмеге келушілерді бейжай қалдырмады.

«Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі қыркүйектің 26-на дейін жалғасады.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *