Ғасырлар елегінен өткен Қазақстан Конституциясы

DSC_0168 DSC_0208

DSC_0180

 

Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арнап 26 тамыз күні «Ғасырлар елегінен өткен Қазақстан Конституциясы» атты көрме өткізді. Көрменің мақсаты –  көшпенділер заманынан осы уақытқа дейінгі заңдық құқықтың қалыптасуы мен дамуын көрсету. Қазақ хандығы заңдарының жиынтығы, патшалық Ресейдегі дала заңдары, қазақтан шыққан тұңғыш заңгерлер, «Алаш орда» партиясының бағдарламасы, кеңес кезеңінің заңнамалық актілері мен шетелдік авторлардың Қазақстан жөніндегі еңбектері туралы құнды құжаттар көрмеден орын алған.

Сондай-ақ, көрмеде Ресейдің жоғарғы оқу орындарында үздік білім алған және бірнеше шақырылымдағы Мемлекеттік дума депутаттарының құрамында ұлттық мүддені қорғаған алғашқы заңгер-қазақтар туралы айрықша мұрағат құжаттары қойылғанын атап өту керек. Олардың ішінде – Ахмет Бірімжанов, Жақып Ақбаев, Тұрар Рысқұлов, Жанша Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Уәлитхан Танашев, Барлыбек Сыртанов, Абдолла Теміров, Сәлімгерей Жантөрин, Айдархан Тұрлыбаев бар.

Көрмеге қойылған бұл тарихи құжаттардың ізденушілер үшін мәні жоғары екенін айта кету керек.

Көрме жұмысы 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *