«Астана: өткені және бүгіні» туралы фотоқұжаттамалық көрме

20160629_120528  20160629_120618

20160629_121423  20160629_122006

Астана қаласы Мемлекеттік мұрағаты ағымдағы жылдың 29 маусымында өзінің көрме залында Елордамыздың туған  күніне арнап  қорындағы мұрағат құжаттарынан «Астана: өткені және бүгіні» атты Қазақстан астаналарының тарихы мен бүгінгі жаңа Астана туралы фотоқұжаттамалық көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: астана қонақтары мен тұрғындарын  қала тарихымен таныстыру.

Шараны Ресейдің ғылыми және мәдени орталығының директоры Виктор Леонидович Нефедов құттықтау сөзбен ашты. Ол өз сөзінде мұрағат қоры республиканың тарихы мен мәдениетін зерттеуге мол мүмкіндік беретінін айтты.

Көрмеге:  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі президиумының «Ақмола қаласын Целиноград деп өзгерту туралы» жарлығы, КСРО Министрлер кеңесінің «Целиноград қаласын дамыту туралы» қаулысы, астананы Алматы қаласынан Астанаға көшіру, мемлекеттік мекемелердің орналасуы, ІІМ, Ауыл шаруашылығы Министрліктерінің ведомстволары құжаттарының жеткізілуі, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының құрылуы туралы  ақпараттар қойылған.

Алғаш рет «Қазпочта» АҚ бірлесіп Қазақстан астанасына, оның тарихына және ЭКСПО – 2017  арналған   маркалар топтамасы қойылды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *