Астана қаласының ішкі істер Департаментінің есірткі саудасымен күрес Басқармасының өкілімен кездесу - лекция

DSC_0131    DSC_0132    DSC_0133    «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 17 маусымында Халықаралық нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес күніне орай Астана қаласының ішкі істер Департаментінің есірткі саудасымен күрес Басқармасының өкілімен «Есірткісіз өмір» тақырыбына кездесу – лекция өткізілді. Баяндамамен таныстырған – Басқарманың бөлім басшысы полиция подполковнигі Ильиных Сергей Сергеевич. Кездесу барысында С.Ильиных лекцияға қатысушыларға Қазақстандағы және қаладағы есірткі саудасы туралы жалпы шолу жасады, құқық қорғау органдарының осындай жағдайлар кезіндегі өткізілетін іс-шаралар  жөнінде, арнайы орта білім беру мен мектеп оқушыларымен кездесулер туралы және дәрілік есірткілер туралы ақпарат берді. Мұрағат қызметкерлеріне есірткі саудасына қарсы заңнаманың қаталдатылғандығы туралы мәліметтер берілді. Баяндама барысында тақырыпқа сай бейнебаяндар көрсетілді. Кездесу барысында мұрағат қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, азаматтық пікірлерін білдірді. Екі тарап та қаладағы қазіргі жағдайға байланысты ақпаратпен  бөлісті.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *