Солтүстік Қазақстан облысының 80-жылдығына арналған «Қазақстан аймақтары: тарихы, бүгіні, болшағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференциясы

    IMG_5121        IMG_5109

    IMG_5128        

  IMG_5311     2016 жылдың 1 маусымында Петропавл қаласында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Үлкен мәжіліс залында Солтүстік Қазақстан облысының 80-жылдығына арналған «Қазақстан аймақтары: тарихы, бүгіні, болшағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференциясы өтті. Іс-шараға 100 астам адам қатысты: олардың ішінде ҚР Президентінің Архиві, ҚР Орталық мемлекеттік архиві, Астана қаласының Мемлекеттік архиві, ғалымдар, жоғарғы білім орындарының оқытушылары, архив қызметкерлері, сол сияқты Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасынан келген қонақтар қатысты. Конференцияны құттықтау сөзбен СҚО әкімінің орынбасары Анархан Қалиқызы Дүйсенова ашты және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Зейноллақызы Мәлікова баяндама жасады. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры өз сөзінде архив облыс тарихы мен мәдениетін зерттеуде үлкен көмек көрсетіп отыр деді. Осыдан кейін басқа өкілдер пленарлық баяндамаларын жасады. Олар: Петин Д.И.- Омбы облыстық тарих архивінің Азаматтық соғыс тарихын зерделеу Орталығының бас архивисі, т.ғ.к. (тақырыбы – “Петропавловский уездный начальник Оссовский Борис Александрович”); Махмутов З.А. – т.ғ.к., Татарстан Республикасының ғылым Академиясының М. Марджани атындағы тарих Институты (тақырыбы – “Из истории мечетей города Петропавловска ХIX-XX вв.”); Чиликова Е.В. – ҚР Президентінің Архиві құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының басшысы (тақырыбы –  «Акмолинская губерния и ее руководители») және т.б. Конференция барысында «Солтүстік Қазақстан облысы – 80 жыл» атты көрмесімен таныстық. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығатын болды. Сонымен қатар осы конференция Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналғанын атап өтуге болады.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *