«Әлем. Қуат. Адам» көрмесі

2016 жылдың 26 сәуірінде ҚР тарихи-әскери Қарулы Күштер музейінде «Әлем. Қуат. Адам.» атты ІV Халықаралық суретшілер байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтіп оның көрмесіне  Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты өз қорынан алынған құжаттарымен қатысты.

Чернобыль АЭС апатына 30 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына және Астана қаласындағы «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесіне арналған бұл шараға қалалық мұрағат өз тарапынан Ұлы Отан соғысындағы құжаттардың көшірмелерін апарды. Олардың ішінде Кеңес Одағының батырлары М. Ғабдуллиннің, Т. Бигелдиновтің, С. Нұрмағамбетовтердің жеке каточкалары, Ақмолада жасақталған дивизия жауынгерлерінің құжаттарымен қатар «Советский богатырь» газетінің тілшісі А.Дубицкийдің альбомынан алынған соғыс көріністері бар.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *