Ұлы Отан соғысының ардагерлерлерiмен кездесу өтті, сонымен қатар «Отан үшін отқа түссең - күймейсің» атты фотоқұжаттар көрмесінің тұсауы кесілді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерлерiмен кездесу өтті, сонымен қатар «Отан үшін отқа түссең - күймейсің» атты фотоқұжаттар көрмесінің тұсауы кесілді.

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Алексей Федорович Фролов, Василий Евстафьевич Сонин және Константин Иванович Смирновпен кездесу өтті, сонымен қатар «Отан үшін отқа түссең – күймейсің» атты фотоқұжаттар көрмесінің тұсауы кесілді.
Көрмеде соғыстың алғашқы жылдарындағы мәліметтер, Ақмола кәсіпорындардағы митингілер туралы деректер көрсетілді. Сондай-ақ Ақмолада құрылған дивизиялардың құжаттары: тарихи формулярлар, ұрыс қимылдарының журналы мен карталары, ұрыс хабарлары, анық қайтарылмайтын шығындар тізімдері және осы өңірден шыққан Кеңес Одағының Батырларының жеке құжаттары мен фотосуреттері, тылда еңбек еткен ақмолалықтар туралы мұрағат қорынан алынған құжаттардың түпнұсқасы алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.
Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары қаланың экономикалық қарымы жақсарып, кәсіпорындар саны екі жарым есе өсті. Одақтық маңызы бар ОГПУ атындағы №137 зауыт пен «Қазақауылмаш» зауыты, жаңа өндіріс орындары пайда болды. Осы тақырып бойынша көрме құжаттары арасында: ақмолалықтардың танк колоннасын жасақтауға қаражат жинап беруіне байланысты И.В.Сталиннің алғыс білдірген жедел хаты, ОГПУ атындағы №137 зауыт пен «Қазақауылмаш» зауыттарының құжаттары, майданға киім-кешек жіберу туралы деректер, сол сияқты Қазақстанға басқа елдерден жер аударылып келген халық өкілдері туралы құжаттар қойылды. Оның ішінде Скворцовтың Қазақстан жеріне Кавказдан жер аударылып келгендерге жергілікті халықтың дұрыс көзқарасын қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізу туралы жедел хаты бар.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *