Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты 21-22 наурыз күндері «Наурыз мейрамы- 2016» қалалық байқауына қатысты.

i31xu20f.txqkipyat-com006

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты 21-22 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Наурыз мейрамы- 2016» қалалық байқауына қатысты.  «Жерұйық» саябағында тігілген киіз үйдің ішіне сандық, кереует секілді жиһаздар қойылып, оны дәстүрлі қолөнер бұйымдарының түпнұсқаларымен безендірілді. Қызылды-жасылды тұскиіз бен оюлы текеметтер, қолдан тоқылған кілем, кестеленген сүлгі, жастық үйдің сәнін келтірді. Керегелерге ер азаматтың бойынан табылар  бес қару түрлері, қалыңдықтың жасауы саналатын ұлттық киімдер ілінді.

Қалалық мұрағат қызметкерлерінің наурыз мерекесіне сіңірген еңбектері еленіп, Астана қаласы әкімінің дипломымен марапатталды және «Үздік безендіру» номинациясы берілді.

img20160329_09255057ibtngkjq.x0xkipyat-com004

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *