Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

DSC_0168«Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ-сі 2016 жылдың 12 ақпанында 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Бұл мейрам жылда 15 ақпанда – Кеңес Одағының әскерлерін Ауған жерінен шығарылуы күні аталып өтіледі. Кешке Ауған соғысының ардагерлері, Астана қаласы білім бөлімі басқармасының өкілдері, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің оқушылары қатысты.

Кеш өткізудің басты мақсаты – жастарға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;

– өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

– Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, жастарға патриоттық тәрбие беру.

1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

Ауған соғысы тоғыз жылдан астам уақытқа созылды. Нақты 9 жыл 1 ай  19 күн. Осы уақыт ішінде Ауғанстан жерінде Кеңес үкіметінің 620 мың әскери қызметкерлері өздерінің әскери борышын өтеді. Қазақстаннан Ауған соғысына 22269 адам қатысып, олардың 924-і қаза тапты,оның ішінде 17 жауынгер Целиноград қаласынан,  21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бүгінгі таңда елімізде 10000-ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 – дайы мүгедектер қатарында.

Іс-шара көлемінде жауынгер-интернационалисттердің жеке қорларынан жасақталған көрменің тұсаукесері, сонымен қатар Ауғанстан туралы фильм көрсетілді.

Көрмеде көрсетілген құжаттар Ауған соғысы ардагерлері Қуаныш Майтқанов, Ли Юрий, Фанус Адиевтің жеке қорларынан алынды. Қуаныш Майтқанов пен Ли Юрий өздерінің құжаттары мен фотосуреттерін мұрағатқа ресми түрде тапсырды

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *