«Ата Заң – ел тірегі»

«Ата Заң – ел тірегі»

2015 жылдың 27 тамызында Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Ата Заң – ел тірегі» атты көрменің ашылуы өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда Ата Заңды дәріптеу дәстүрін нығайтып, өскелең ұрпақты конституциялық құрылымды құрметтеу рухында тәрбиелеу.

Көрменің ашылуында «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК Көрме ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Жаубасова Тлеукеш Бахритденқызы және «Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ директорының орынбасары Әбуталиев Тұрар Нариманұлы сөз сөйледі.

Көрмеге «Тәуелсіздік Сарайы» МКҚК мен «Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ қорында жинақталған заңнамалық, мұрағаттық құжаттар мен түрлі басылымдық деректер қойылды.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *