Астана – жаңа қала

Астана – әлем бойынша ең жас астана, сонымен қатар, республиканың саяси-әкімшілік, іскер және мәдени орталығы болып табылады. Астанада барлық өкіметтік ұйымдар мен дипломатиялық елшіліктер, көптеген шет елдік мекемелер орналасқан.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын барша халық қолдап, 1997 жылы Қазақстанның елордасы Астана қаласы танылды. Астана қаласының геосаяси орналасуы, коммуникациялық даму мен көліктік инфраструктурасы мен шалғайда жатқан бос жерлер бұл шешімді қабылдауда негізгі ықпал етті. Шапшаң құрылыстың жүргізілуі мен жалпы халықтық қолдау нәтижесінде аз уақыттың ішінде жазық далада қайталанбас келбетті, заманауи қаланың бой көтеруі таңғажайып жайт.

Астана қаласының жылдам дамуының дәлелі ретінде қазіргі уақытта қала тұрғындарының саны  900 мыңға жетуі, жыл сайын Астана тұрғыны мәртебесіне 40 мыңға дейін адам немесе жалпы есеппен алғанда 6 пайызға жуық тұрғын ие болуы.

Қаланың бас сәулеткері шын мәнінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болып саналады. Оның идеясы мен ұсыныстарының арқасында Астана Батыс пен Шығыс мәдениеті мен дәстүрін тоғыстырған көз тартар бірегей келбетке ие болды. Әлемнің белгілі сәулеткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың ойларын өмірде жүзеге асыра білді. Олардың арасында Кисе Курокава, сэр Норманн Фостер, Кензо Танге және тағы басқалар бар. Ғимараттардың басым көпшілігі Астананың ең көрнекті орындары мен қаланың өзіндік рәміздеріне айналды.

Ерекше архитектуралық объектілердің бірі «Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент – кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыңында алып құс Самұрық, төрт жағында «Алғашқы Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.

Тағы бір таңғажайып  ғимараттардың қатарында «Бейбітшілік және келісім сарайы» пирамида іспетті. Бұл ғимарат 2006 жылы бой көтерді және Қазақстанның сәулеттік мақтаныштары жайындағы кітапта алтын әріптермен жазылған. Оның жалпы аумағы – 25,5 мың шаршы метр. Пирамиданың негізгі бөлігінде 1,5 мың орын опера залы орналасқан. Бейбітшілік және келісім сарайында көптеген әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының жиындары мен кездесулері өтеді.

Сонымен қатар Думан ойын-сауық орталығы. ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен. 2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған бұл кешенде мұхитаралы, 5D – кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар.

1999 жылдың шілде айында қала Юнесконың «Әлемдік қала» жүлдесіне ие болды.

 Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.

 

Кәменұлы Арман.

                                                                    Астана қаласының

                                                                               Мемлекеттік мұрағатының

                                                                          құжаттарды  жариялау

                                                                       және пайдалану бөлімінің

қызметкері.

 

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *