Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Говорят архивы...» атты құжаттар жинағының тұсаукесері

2015 жылдың 29 сәуірінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы мен Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты «Говорят архивы…» мұрағаттық құжаттар жинағының тұсаукесерін өткізді. Жинаққа Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан, Беларусь Республикасының Ұлттық мұрағатынан табылған құжаттар кірген.  Жинақта соғыс жылдарындағы Ақмола, осы жерде жасақталған дивизиялар (310-шы, 387-ші, 29-ы атқыштар дивизиялары, 106-шы кавалериялық дивизия), және олардың әскери жолдары, сондай-ақ, Беларуссиядағы партизандық қозғалысқа қатысқан қазақстандық партизандардың құжаттары жайында мәлеметтер берілді. Жинақ бөлімдерінің бірінде соғыс жылдарындағы Қазақстан аумағында болған әскери лагерлердің тізімдері жарияланды.

Бұл шараға орай «Мұрағаттар сөйлейді…» тақырыбында фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы тарихының сирек құжаттары алғаш рет қойылды.

Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары «Халық қаһарманы» Б.Е. Ертаев, А.Б.Тасболатов, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  М.Н. Бочарников, Беларус Респуликасының  Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.И. Ничкасов,  «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» РҚБ  Орталық Кеңесінің төрағасы Ө. Озғанбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Садықов, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тарихшы-мұрағатшылары, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақмолалықтардың туысқандары және «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

[gmedia id=10]

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *