Акция

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері және

олардың балалары мен немерелері!

Құрметті Астана қаласының ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшылары!

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты соғысқа қатысқан және тыл жұмыстарында еңбек еткен тұлғалар және олардың балалары мен немерелеріне, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жайлы құжаттарды жинауды ұйымдастырған немесе сақтауға алған азаматтарға бұл құжаттарды Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатына тұрақты (мәңгі) сақтауға беруіңізді өтінеді.

Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысы тарих тұңғиығына еніп барады. Соғыстың тарихы уақыт өткен сайын тек мұрағат құжаттарында, әдеби деректерде, кинофотоқұжаттарда сақталынуда. Осы себепті сіздегі құжаттарды сақтап қалу мен оларды ғылыми айналымға енгізу қажет. Сіздің құжаттарыңыз өлкетанушы-зерттеушілердің, тарихшы-ғалымдардың және көпшілік қауымның қызығушылығын туғызады.

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты мұндай өте құнды құжаттардың сақталынуы мен пайдаланылуына кепілдік береді.

Қымбатты Елорда тұрғындары, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жайлы естелік пен шындықтың мәңгіге сақталуы үшін қолымыздан келгенін аямайық!

Құжаттарды тапсыру үшін Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының жұмыс тобына мына мекенжай бойынша хабарласа аласыз: М.Әуезов көшесі, 3, тел.:8(7172)21-63-31, электронды пошта: astana.gorarchiv.@mail.ru

Қаңтар, 2015 жыл.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *