«Ұлы Отан соғысы: тарих және деректер»

 

«Ұлы Отан соғысы: тарих және деректер»

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің тарих факультетімен бірлесіп Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы: тарих және деректер» тақырыбында 2020 жылғы 5 мамырда вебинар өткізді.

Ұлы Отан соғысы тарихы мәселелерін талқылау, түсіндіріп тарату және соғыс туралы тарихи жадты сақтау мақсатында өткізілген бұл Вебинарды Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің директоры Мейрам Еркінұлы Бектембаев жүргізіп отырды. М.Е. Бектембаев Ұлы Жеңістің 75 жылдығына байланысты Архивте атқарылған және жоспарланған іс-шаралар жөнінде айтып өтті.

 

Баяндама жасағандар:


1. Алпыспаева Ғалия Айтпаевна, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ақмола.

2. Мұсабалина Гүлнар Төлеуғазықызы, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры. ҰОС-да партизан қозғалысы: тарихнама және мұрағаттық дереккөздер.

3. Кошман Татьяна Васильевна, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы, магистр. Партизан қозғалысының ақмолалық қатысушылары.

4. Мирзакулова Раушан Маратқызы, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының бас сарапшысы. ҚР Президенті Архивінің құжаттары негізінде.Ұлы Отан соғысы жылдарында батыс өңірлерден халықты және өндіріс орындарын көшіру туралы.

5. Исахан Ғазиза Тұрмағанбетқызы, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінің Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының тарихы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивіндегі құжаттарға қысқаша шолу.